Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада 28-і медицина қызметкері коронавирустен жазылып шықты

Бүгінгі таңда облыс бойынша вирус жұқтырғандар 245 науқас. Емделіп шыққаны-188. Оның ішінде 28-і медицина қызметкері. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Коронавирус анықталған азаматтардың жасына сәйкес бөлінісі: 0-14 жас – 23 азамат, 15-19 жас – 11 азамат, 20-29 жас - 71 азамат, 30-39 жас – 37 азамат, 40-49 жас – 40 азамат, 50-59 жас – 31 азамат, 60 жастан жоғарылар – 32 азамат. 15 мамыр күні 8 жағдай анықталған болатын. Бұл азаматтардың барлығы Тенгиз Шевройл компаниясының қызметкерлері".
Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3343 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1474 азамат.
Облыс бойынша 15 мамыр күні барлығы 669 сынама алынды. Нәтижесінде 338-і теріс мәнді, оң мәнді сынама жоқ. Ал 281 сынамамен жұмыс жасалуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: