Қызылорда облысында жедел жәрдем шақырысы қалыпқа келді. Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды.
Осыған байланысты жедел жәрдем қызметіне түсіп отырған жүктеме індетке дейінгі күнделікті шақырту қабылдау деңгейіне түсіп отыр. Яғни ахуал тұрақталып, шақырту саны да азайды.
Шақыртулар саны індет өршіген маусым-шілде айларымен салыстырғанда 56,8% төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 6 есеге төмендеді, яғни шақырықтау шегінде күнделікті 1000-нан астам жағдай тіркелсе, қазіргі кезде 150-170 жағдай тіркеліп отыр.
Шақырыстардың ішінде пневмонияға күмәнді жағдайлар 14,4 есеге азаюмен қатар, ауыр жағдайдағы науқастар тіркеліп отырған жоқ. 1-3 санатты шақырыстар жүктемесі бір топқа тәулігіне 14-15 болса, 4 санатты жедел жәрдем тобына 18-20 ғана шақырту түсуде. Қуантарлығы бұл өткен аймен салыстырғанда 2 есе төмен көрсеткішті көрсетіп отыр.