Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Тұрғанбай Маханов: Індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцина


Әлемді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Ендеше, екпе салдырудан еш қорқудың қажеті жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте денсаулық саласының ардагері Тұрғанбай Маханов осылай деп мәлімдеді. 
- Бір жылдан асты індетпен күресіп келе жатырмыз. Бұл коронавирус инфекциясы басқа вирустарға қарағанда азулы. Өте қауіпті. Алайда індетпен қалай күресеміз? Бұның ғылыми жолдары барма? деген сұрақтар өте көп. Әрине бар. Осы уақытқа дейін таралған вирустың барлығын ғылыми жолмен тоқтатқан. Екпе ұжымдық имунитетті қалыптастырады. Мен өзімде коронавирусқа қарсы екпе салдыруға қарсы емеспін. Екпені жасатуымыз керек. Бұдан қорқатын қауіп жоқ. Кез-келген вакцинаны 99 адам жақсы қабылдап, біреуіне кері әсер етуі мүмкін. Бірақ сол үшін жаппай екпеден бас тарту дұрыс емес. Індетпен бірге күресейік. Сақтық шараларын сақтап, өз денсаулығымызды күтейік, - деді Тұрғанбай Маханов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: