Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылорда «сарыдан» «қызыл» аймаққа ауысты 

Соңғы аптадағы көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес  21 сәуірден бастап «қызыл» аймаққа ауысты. 
Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 4890 дерегі есепке алынды.  Жыл басынан бері 1498 жағдай анықталса, соның басым көпшілігі, яғни, 846 дерек сәуір айының 20 күнінде тіркелді.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 Қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: