Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада қышыма жұқтыру былтырғыдан 3 есеге артты

 Қызылорда облысында жыл басынан бері қышыманың 21 дерегі тіркелді, эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз.

 «Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында қышымамен сырқаттанушылық көрсеткіші жоғары. Барлық тіркелген аурудың 57%-ы сол жастағылар үлесінде. Жұқпалы тері ауруының қоздырғышы - қышыма кенесі. Қышыма кенесі адамның терісіне еніп, сол жерге жұмыртқалай алатын микроскопиялық паразит», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: