Екпенің не екенін қазіргі ата-аналардың барлығы дерлік білсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбінде күмән туғызбайтыны да жасырын емес. Өйткені, қазіргі таңда балаларымызды екпе арқылы қорғап жүрген инфекциялармен бетпе-бет келген адамдар кемде-кем.
Осыдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарды қызылша, полиомиелит (сал), дифтерия (құрөзек) қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп жатпайтын – ол кезде бұл аурудан көз жұмған балалар туралы мысалдарды көптен келтіруге болатын. Ал туберкулез және көкжөтелмен ауыратын балалардың жөтелі кез келген аулада естіліп жататын. Ата-аналар баласының таңертең қозғала алмай, аяқ астынан сал болып қалуынан қорқатын. Қазіргі мүгедектер арбасында отырған ересек адамдар арсында кезінде полиомиелитпен ауырған адамдарды кездестіруге болады. Мысалы: бір-біріне ұқсас өте ауыр ағымда өтетін аурулардың біріне тоқтала кетсек. Сал, сіреспе, дифтериямен ауырған адамдарда – ауру қоздырғыштары нейротоксин бөліп шығаруы арқылы ауру өте ауыр жағдайда өтіп, адам өміріне қауіпті болады. Осы аталған аурулармен ауырған адамдар да ерекше токсинді бөліп шығарады – ол жүрек тамырлары мен орталық орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
Басқа инфекцияларға қарағанда осы жүрек бұлшық еттерінің, тыныс алу бұлшық еттерінің және диафрагманың, жұмсақ таңдай, бет бұлшық еттері, мойын, дене және аяқ-қол бұлшық еттерінің қатты сіресіп зақымдануынан (сондықтан сіреспе ауруы аталуы) тартылып қалуы мен салдануы сияқты өте ауыр өтетін жұқпалы аурулар. Бұл ауруларға уақытылы арнайы дәрігерлік көмек көрсетілмесе науқастан айырылып қалуымыз мүмкін. Вакцинациялаудың арқасында осы аурулардың кейбірі дүниежүзі бойынша түгелімен жойылса, мысалы, нағыз- шешек 1978 жылы әлем бойынша жойылды, ал оба, сал ауруы, қызылша, сіреспе, құрөзек, көкжөтел аурулары қазіргі кезде біраз азайды. Содан болар, біз осы аурулардың қаншалықты ауыр өтетінін ұмытудамыз. Ал жас ата-аналар бұл инфекцияларды көрмек түгілі тіпті естіген де жоқ. Сол себепті кейбір ата-аналарда ешқандай қауіп- қатер жоқ деген алдамшы пікірлер туындайды, бізге вакциналар қажет пе және олар қауіпсіз бе деген сұрақ туындайтыны сондықтан. Жыл сайын дүниежүзінде жұқпалы аурулардан мыңдаған адам көз жұмады және көбісі өмір бойы мүгедек болып қалады. Сондықтан, халықты және балаларды вакцинациялауды тоқтатуға болмайтынын түсініп, ескерген жөн. Тек қана алдын алу екпелерін жүргізудің арқасында балаларымызды инфекциялардың қауіп-қатерінен аман сақтауға қол жеткізіп отырмыз. Иммунопрофилактиканың мүмкіндіктері әлі де таусылған жоқ. Жыл сайын әлемде барған сайын жаңарып, жаңадан пайда болған жұқпалы ауруларға қарсы жаңа және сапасы жақсартылған вакцина түрлері ашылуда. Вакцинациялаудың негізгі мақсаты – ол адам ағзасында иммунитет пайда болу арқылы жұқпалы ауруларды қабылдауға қарсы тұру болса және соның арқасында ауруға шалдығу мен өлім-жетім санын азайтуда өте маңызы зор. Әр елдің өзінің егу күнтізбесіне сәйкес, халықты соларға қарсы егу кестесі белгіленген. Біздің мемлекетімізде Үкіметіміздің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Профилак- тикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі мен ережесі және халықты жоспарлы егілуге жат- қызылатын топтарын бекіту туралы» №2295 қаулысына сәйкес жоғарыда атап көрсетілге- ніндей, егу жұмыстары жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі мен егу күнтізбесі бекітілген. Екпе жасаудың маңыздылығын бағалауда әрбір ата-ана мен жалпы қоғамда толық түсінік болуы өте қажет. Осы жұқпалы аурулардың арнайы алдын алу шараларының бірі және бірегейі ол иммундау жұмыстарының маңыздылығын әрбір азамат білуі тиіс. Осы орайда айта кететін мәселе, 2012 жылдың тамыз айында 6 жастағы бала өте жұқпалы ауру эпидпаратитпен (свинка) ауырып тіркелді. Науқастың ата-анасы эпидпаратитке қарсы екпеден бас тартқан, содан кейін екпенің маңыздылығын түсініп, басқа балаларына да екпе алуға келісім берді. Құрметті ата-аналар! Естеріңізде болсын! Қазіргі уақытта аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күресудің негізгі әдісі вацина егу болғандықтан, балаларыңызға екпені уақы- тында алуға және өз елінің абзал азаматы болып өсуіне көмектесіңіздер!