Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Бала кейпіндегі 20 жастағы бозбалаға кім көмектеседі?

Бала кейпіндегі 20 жастағы бозбалаға кім көмектеседі?Арал ауданы Қамбаш ауылының тұрғыны Сұлтанбейбарыс Рысбаевтың жасы 20 жасқа толады. Алайда, оның кейпіне қарай отырып, жүруді енді-енді ғана үйреніп жүрген нәресте деп ойлап қалуға болады. Өйткені, ол өте сирек кездесетін гепатериоз ауруымен ауырады.
Республикалық 31.kz телеарнасының хабарлауынша, қазіргі таңда жігіттік жасқа келетін оның қазіргі бар ермегі ойыншықтар. Анасының көмегімен жүріп, тамақ ішеді. 
Қалқанша бездерінің гормоны – тироксиннің жетіспеушілігінен немесе мүлде бөлінбеуінен пайда болған туа бітті ауру. зардабын тартқан бозбала Сұлтанбейбарысты анасы талай рет Алматыдағы медицина мамандарына талай мәрте алып барған. Өкінішке орай, одан ешқандай шипа қона қоймаған көрінеді. 
Оның анасы Сара Елеуісованың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын балаң 18-ге келді деп жәрдемақыдан 12 мың теңгені алып тастаған. Қазіргі күні қолына 29 мың теңге тиеді. Бірінші топтағы мүгедек баласының жағдайына алаңдаған ана оның мән-жайын зерттеп көргенімен әзірге ашқандай нәтиже шыға қоймаған көрінеді. 
Бұл күндері Сұлтанбейбарыстың жағдайы қиындап барады, Оған қаншама дәрі-дәрмек қажет етіледі. Дәріні алуға қол қысқа. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сапар Рахменшеев аталмыш науқас баланың денсаулық жағдайына экологиялық жағдайдың әсері болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.   

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: