ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ БЕРГЕН ЖАБДЫҚТАР БАЛАЛАР ӨЛІМІН ТӨМЕНДЕТТІ
Облыс аудандарында алғаш рет «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» атты жобасы іске асырылды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сол қайырымдылық қоры Қызылорда облысының жеті медициналық мекемесінің өкілдеріне жаңа медициналық жабдықты тапсырды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығы хабарлайды.
Қайырымдылық шарасына облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, қор өкілдеріне алғыс білдірді. «Аяла» қайырымдылық қорының өкілі Берік Даржанов өз мақсаттарын баяндай келе, емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарын табыс етті.
«Өмір сыйлайық» жобасының Қазақстандағы балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге арналғанын еске сала кетейік. Бұл жоба 2007 жылы басталды, ол кезде қор Алматы қаласының қалалық жұқпалы балалар ауруханасының (БҚКЖА) жан сақтау бөлімшесіне медициналық жабдықпен көмек көрсетті. Бұл бөлімшеге ИВЛ жабдығы, жартылай автоматты зертхана, фототерапия жабдығы, нәрестелерге арналған кювез және басқа да медициналық жабдық орнатылды. Бұл жоба ондаған баланың өмірін құтқарып, өз тиімділігін дәлелдеді. «АЯЛА» қорының Алматы қаласының БҚКЖА-ға берген жабдығының арқасында медициналық қызметкерлер балалар өлімін 4 есе төмендетті. 2011 жылы басталған жобаның аясын оңтүстік астанадан тыс кеңейту туралы шешім қабылданды.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасын Қызылорда облысында алғаш рет іске асырды. Біздегі 6 ауданды және қаланы қамтыды. Сыйға тартылған жабдық балалар өлімін төмендетуге мүмкіндік береді, нәрестелерге және бір жастағы балаларға медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етеді деп үміттенеміз. Бұдан басқа, біздің қорымыз болашақта облысқа Литва неонатологтарының келуін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жетекші мамандар семинарлар өткізіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады.