Қазалыда аудандық білім бөлімінің басшысы вакцина салдырды
Қазалы ауданында ерікті түрде вакцина салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауданға короновирус инфекциясының алдын алуға байланысты білім саласы мен құзырлы орган қызметкерлеріне салынатын 900 дана вакцина жеткізілген. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелеріне де екпе жүргізілетін болады.
Ал, білім беру саласының қызметкерлеріне короновирустық инфекцияға қарсы егу жұмыстары бүгін басталды. Алғашқы екпені алғандардың қатарында Қазалы ауданының білім бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы және білім беру мекемелерінің басшылары бар. Жалпы, аудандағы білім беру ұйымдарынан әзірге 400-ге жуық педагог екпе алуға ниет білдірген.