Қызыллордада өткен тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 3 558. Соңғы тәулікте 11 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3444-ке жетті.
Бүгінде инфекциялық стационарда 31, ал стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас ем алуда.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны -15 178, тікелей қарым-қатынас -12 430, ықтимал қарым-қатынас -2 748.
Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 1 323, тексерілгені – 492, жұмыс жасалуда – 831. Қалдық тест саны – 30 043. Эпид маусым басталғалы бері 188 095 сынама алынды.