Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ҚАРМАҚШЫДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІМедицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қармақшы аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті. 
Денсаулық сақшыларының басын қосқан мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ашып, медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы медицина саласында жемісті еңбек еткен бірқатар сала үздіктерін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, «Құрмет» грамоталарымен, және аудан әкімінің «Алғыс» хатымен марапаттады. Сондай ақ шарада ауданның бас дәрігері Ж.Құдайбергенов әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтап, халық денсаулығын сақтау жолында талмай еңбек етіп келе жатқан бір топ дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хатын, және бағалы сыйлықтарын табыс етті. Одан әрі салтанатты шара, аудан медицина саласы қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: