Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Жұқпалы ауруға қарсы егу қай кезден басталды?

Жұқпалы ауруға қарсы егу 1796 жылдан бастау алады. 225 жылда бұл әдіс ғылыми тұрғыда дамытылып, жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. Әлемнің көптеген елдерінде жұқпалы ауру түріне қарай егу жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Елімізде жұқпалы ауруларға қарсы егудің ұлттық күнтізбесі бекітілген. Егудің арқасында елімізде дифтерия, сіреспе, туберкулез, көкжөтел, пневмококты пневмония, вирусты гепатиттер, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротиттер сияқты қауіпті жұқпалы дерттердің кең таралуына жол берілмей келеді. Аса қауіпті сал (полиомиелит) ауруы егудің арқасында елімізде толық жойылды. 
Егу жұмыстарының нәтижесін гепатит А (сары ауру), қызамық, тұмау (грипп) ауруларына қарсы екпе қабылдағанда аурушаңдықтың бірден төмендеуінен бақылауға болады.
Өткен жылдан бері әлемді әлекке салған коронавирус инфекциясынан қорғанудың да ең тиімді жолы - дертке қарсы егілу.
Облысымызда қазіргі таңда қарқынды түрде екпе жұмыстары жүргізілуде. №5 қалалық емханада арнайы егу бөлмесі мен егу топтары жұмыс атқаруда.  
Коронавирусқа қарсы мекен-жайына қарамай, жеке куәлік арқылы ерікті түрде егілуге болады. Емханада «Спутник V» және «QazVac» вакциналары егілуде. Өзім бүгін «QazVac» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдадым. Жағдайым жақсы. Ешқандай кері әсері болған жоқ.
Құрметті жерлестер! 
Әрбіріңізді, өткеннен сабақ ала отырып, отбасының, ұжымның, қоғамның алдындағы жауапкершілікті сезініп, ерікті түрде екпе алуға шақырамын. Денсаулыққа бірге қадам жасайық!

Жақсылық Абдусәметов,
№5 қалалық емхананың бас дәрігері 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: