Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Аймақта індетпен күресуге 30 медициналық ұйым тартылды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан коронавирустық инфекциясымен күреске  6 466 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді.  Яғни, пандемия кезінде  медициналық көмек көрсетуге,  медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге,  полимеразалық тізбекті реакцияны (ПТР) анықтауға және мобильді бригадаға,  үйдегі стационарға  жұмсалды.

 - Қор филиалы  медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін ұйымдардың тарифтерін 2 есеге көтерді. Нәтижесінде коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды тартуға мүмкіндік туды. Біз медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерді толық жеткізу үшін «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалды. Бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілерге және өндіруші зауыттарға аванстық төлем  төледі, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
 Коронавирус инфекциясының болжамды екінші  толқынына  халықты дәрі-дәрмекпен қамту үшін қаржы жеткілікті. Қазір дәрінің екі айлық қор бар. Аймақта індетпен күресуге 30 медициналық ұйым тартылды. Оның жартысы қалалық, қалғаны аудандық аурухана.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: