Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 5497. Соңғы тәулікте 70 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 4542-ге жетті.
Бүгінде инфекциялық стационарда 413, ал стационардың реанимация бөлімінде 45 науқас ем алуда.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны-21 618 тікелей қарым-қатынас-18 870, ықтимал қарым-қатынас -2 748.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1 770, тексерілгені – 1 436, жұмыс жасалуда – 334. Қалдық тест саны – 17 435. Эпид. маусым басталғалы бері 311 379 сынама алынды.