Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Дәрігер омикрон штамының ерекшелігін айтты

Ресейлік имунолог Владимир Болибок омикрон штамының ерекше белгілерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Дәрігер Владимир Болибок covid-19 штамдарының ішінде омикронға шалдыққан адамда кеуде тұсындағы ауырсыну әсерінің сирек болатынын айтты. 
“Бұл штам көбіне пневмониямен ауырған науқастарға жұғу қауіпі басым. Омикрон пневмонияны да тудыруы мүмкін. Егер адамдар бұл ковидті пневмонияға шалдықса, ағза екі есе зақымданады және өлім қаупі де сонша есеге өседі. Алайда ауру екпіні өзге ковид штамдарына қарағанда жеңіл”, –  деді дәрігер Владимир Болибок.
Имунолог омикрон штамының негізгі белгілерін де атап өтті.
“Омикронның белгісі – тамақтың қатты ауруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел. Бұған температураның жоғарылауы мен әлсіздік, бас ауруы қосылады”, – деп түсіндірді Болибок.
Сонымен қатар бұл штамды жұқтырған кезде иістің жоғалатынын, алайда өзге штамдарға қарағанда иіс сезу тез оралатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: