Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 3 443. Соңғы тәулікте сегіз жағдай тіркелді.
Ал індеттен айыққан науқастар саны 3361-ге жетті. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны-14 808, тікелей қарым-қатынас-12 060, ықтимал қарым-қатынас-2 748.
Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны-181, тексерілгені-181, жұмыс жасалуда-0. Қалдық тест саны-34 070. Эпид маусым басталғалы бері 173 005 сынама алынды.