Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада соңғы тәулікте 2 адам коронавирус жұқтырған


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 461-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 286. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 2 дерек тіркелді. Екеуі-Қызылорда қаласынан. Сынама тесттің қорытындысы бойынша симптомсыз ағымды коронавирус инфекциясының жағдайы»,- деді бас дәрігер.
Өз сөзінде бас дәрігер коронавирус инфекциясын тіркеудің жаңа тәртібі енгізілгенін айтты. Алдағы уақытта науқастардың жағдайы симптомды және симптомсыз болып тіркеледі. Қазіргі таңда жаңа тәртіпке байланысты симптомды науқастар саны – 461, ал сипмтомсыз-50 азамат.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5152 азамат анықталды. Оның ішінде, 2960- тікелей қарым-қатынаста, 2192- жанама байланыста болған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: