Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада өңірімізде коронавирус инфекциясын тағы 5 адам жұқтырған

Бүгін сағат 09:30 уақыты бойынша өңірімізде коронавирус инфекциясын тағы 5 адам жұқтырған. Олардың жалпы саны 237 адамға жетті.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Соңғы тәулікте 5 жағдай анықталған. Олар: Қызылорда қаласынан, Жаңақорған,Арал мен Шиелі және Қазалы ауданынан тіркелген.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 237 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында –95 жағдай, Жаңақорған ауданы – 33, Арал ауданы – 7, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 67, Қазалы ауданы - 4). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты. 14.05.2020 ж. алынған 722 сынаманың 462-сі теріс мәнді, 5 сынама оң мәнді болып шықты. Қалған сынамалармен жұмыс жасалынуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: