Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылорда облысында  768 қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды

АПВ қарсы вакцинация әлемнің 135 елінде қолданылады. Нәтижесінде кей мемлекеттерде әйелдерде жиі кездесетін жатыр мойны обырының таралуы 90 пайызға дейін төмендеген.


Ал біздің елімізде бұл қауіпті дерт сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі орында тұр. Сатитстикалық деректерге сүйенсек, жатыр мойны обыры жасарған. Қатерлі ісіктің бұл түрі жас қыздарда жиі кездесіп жатыр. Қауіпті ауруға қарсы вакцинациялау Қазақстан Республикасы Бас мемлекенттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес қыркүйек айынан басталды. Вакциналау 11 жастағы қыздарға жоспарлы тәртіппен салынады. Ал 12 -13 жастағы бұрымдыларға толықтыра иммундау жүргізіледі. Екпе кезінде ата-ананың келісімі ескеріледі. Олардың рұқсатынан соң алғашқы дозасы егіледі. Кейін 6 ай аралық мерзіммен екі рет егу қарастырылған.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 768 қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды. Аталған вакцинаны емханадан немесе мектепте алу мүмкіндіктері қарастырылған. Алдымен, жеткіншекті дәрігер толықтай тексереді. Қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина егіледі. Содан кейін, 30 минут бойы ақ халаттылардың бақылауында болады. Бұдан бөлек, 3 күн бойы медицина қызметкері жасөспірімнің дене қызуын өлшеп, қарап отырады.
Жатыр мойны обыры – вакцина арқылы алдын алуға болатын қатерлі ісіктің жалғыз түрі. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті АПВ вакцинасын алуға кеңес береді.

Әлия Әбдіқайымова, 
облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: