Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылорда “сары” аймақтан “жасылға” ауысты 

Коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасында облыс 2021 жылғы 10 мамырда “сары” аймақтан “жасылға” ауысты. 
Әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс кестесі облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің #8, 9 және 13 Қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар “Ashyq” жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандары ҚР БМСД-нің қолданыстағы  #18 Қаулысында көрсетілген өлшемшарттар бойынша қызмет көрсетуді жалғастырады.
Сақтық шаралары әлі де өзекті. 
Қарапайым әрі қосымша қаражатты талап етпейтін қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен орындауды сұраймыз. Ережеге енжарлық таныту - эпидахуалды қайта өршітіп жіберуі әбден мүмкін екенін естен шығармаңыз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: