Эпидемиологиялық ахуал күн санап жақсарып келеді. Сонғы тәулікте короновирус ифекциясының 14 жағдайы тіркелді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
«Биыл қазан айының 18 күнінде 526 жағдай тіркелді, ал қыркүйек айының 18 күнінде 1494 жағдай тіркелген. Яғни қыркүйек айынан ауру саны 2,8 есеге төмендеген. Тамыз айының 18 күнінде 3523 жағдай тіркелген болатын. Яғни тамыз айының 18 күнімен 7 есеге ауру саны азайып отыр. Бұл алдын алу шарасының барысында қол жеткізілген жағдай деп айтуга болады. Ұжымдық иммунитеттің қалыптасқанын көріп отырмыз. Бұл ақпан айынан бастаған екпе жұмысының нәтижесі. Екпеге тоқтала кететін болсам, жоспар бойынша 452480 адам егілуге тиісті болса, оның 339703 бірінші турмен қамтылды ол 75,1% құрап отыр, ал екінші турмен 276351 егіліп 61% құрап отыр. Егумен қамтылған адамдар арасындағы ауру көрсеткіші небәрі 0,4 пайызды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш деп айтуға болады. 8-10 пайызға дейін егілгендер арасында ауру тіркелуі ықтимал. Аурудың алдын алу мақсатында әлі де сақтық шаралары жалғасуда. Мониторинг топтары және Ashyq бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Ашық бағдарламасына 3478 нысан қосылған. Бүгінде 398 адам сары статуспен анықталып отырса, 731 адам қызыл статуспен анықталып отыр. Қызыл статуспен анықталғандар ішіндегі 200 адамға айыппұл салынып бүгінгі күні 8 миллионға жуық қаржы өндірілді. Сары статуспен анықталған адамдарға ескертпе жұмыстар жасалды»,-деді Әлия Мүтәліпқызы.