Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл мәселелері таразыланды
Қызылордада пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық азаматтық штаб өкілдері екі күндік сапармен болды.
Республикалық шаб құрамында ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық азаматтық штаб мүшелері Серік Беркамалов пен Мирас Аукенов бар.
Штаб өкілдері сапар аясында облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері және кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аймақ активі штаб өкілдеріне тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Сондай-ақ, сапар барысында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамы және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ұжымымен вакцинация тақырыбы кеңінен талқыланды.
«Елде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мән беруіміз тиіс. Халықтың 70-80%-ын вакцинациялау нәтижесінде коронавирустан сырқаттанушылық пен өлім деңгейі азаяды. Осылайша қалыпты өмірге қайта орала аламыз»,- деді Ержан Байтанаев.
Штаб мүшелері өңірдің жасыл аймақта екенін атап өтті.
Соған қарамастан алда күннің салқындауына байланысты тұмау, ЖРВИ ауруы өрши түсуі мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.
Штаб мүшелері бабалар арасында вакцинациялау ата-аналар және заңды қорғаушылар келісімімен жүргізілетініне тоқталды. Бұл балаларды қатерлі індеттен қорғауға байланысты ата-аналар өтініші бойынша қолға алынуда.
Е. Байтанаевтың сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ мақұлдаған «Pfizer» вакцинасы бойынша америкалық компаниямен келіссөздер жүргізілуде. Келіссөз нәтижелі аяқталғанда биылғы жылдың төртінші тоқсанында елімізге жеткізіледі. жоспарлануда.