15 мамыр – Дүниежүзілік отбасы күніне орай облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде «Біз салауатты отбасымыз!» атты отбасылық сайыс өткізді. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Өткізілген шараның мақсаты – отбасында балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу, спортпен шұғылдануды отбасылық қағидаларға енгізуді насихаттау. Сайысқа төрт отбасы қатысып, қазылар алқасы жүйректерді анықтап, жеңіске жеткендерді бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттармен марапаттады.