Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Бүйрегін баласына берген ана

Күйбең тіршіліктің өзінде-ақ жоғарыдағы қайсар аналарымыздың ерлігін бойға сіңірген аналарымыз арамызда жүр. Ауданымыздың Байсын ауылдық округының тұрғыны, қадірменді ақсақал, білім саласының ардагері Әліұлы Сәду атамыздың елге сіңірген еңбегі ел есінде.

 

Бүйрегін баласына берген ана

 

Соның бір үзігін туған ауылында жастар жүрегіне имандылық ұялатар Алланың жердегі үйі – «Әлі Ата» мешітін соғуы сөзіміздің дәлелі. Шиеліде әзіз ақсақалдың кенже ұлы Қуат пен келіні Жәмиланың тұңғыш ұлдары Самат айықпас ауыр дертке шалдығып (сусамырдың ауыр түрі) оның бірден-бір емі тек қана бүйрек ауыстыру отасы және ол донор бүйрегі болу керектігі анықталған еді. Жоспарлы ота Алматы қаласындағы Сызғанов атындағы экспериментальды-хирургиялық орталықта жасалуы тиіс. Ұлы үшін әке донор болуға өз ықыласын берді. Бірақ, зерттеулер нәтижесінде донор бүйрегі бала ағзасына сай келмейтіндігі анықталды. Көз алдарында жаққан шырақтарының сөніп бара жатқандығы ана жанын ышқынтып, жүрегін ауыртты. Ойланбастан донор болуға келісім берді. Күрделі ота тәжірибелі дәрігерлер көмегімен сәтті жасалып, сөнгелі тұрған шырақтары қайта жанды. Бұл күнде жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылған ана мен баланың жалпы жағдайлары қанағаттанарлық. Өшіп бара жатқан үміт оты қайта лаулап жанды деген осы. 
Қазақтың ақберен аналары-ай! Жоғарыда өткен тарихымыздағы аналардың ерлігі туралы бекер сөз қозғағанымыз жоқ. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Жаппар ием «жұмақтың кілтін іздесең, ананың табанының астында» деген ғақлиясын еске алсақ, ана тілегінің қабыл болғаны да. Жәмила анамыз ерлік жасадым деп ойламаған да шығар. Әрбір ананың іс-әрекеті ерлікке пара-пар. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын!
Қайрат ИСМАИЛ.
Шиелі ауданы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: