COVID-19 пандемиясы қоғамда наразылық туғызып, терроризмнің өршуіне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Антониу Гутерриш айтты, - деп хабарлайды Fox News. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.
БҰҰ бас хатшысының айтуынша, коронавирус пандемиясының әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке тигізер қаупі бар. Салдарынан радикал топтар зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздікке баруы мүмкін дейді.
Ол коронавирус жаппай таралғандықтан әлемде терроризмнің өршу қаупі зор екенін ескертті.
"Үкіметтегілердің барлығы дерлік бар күшін пандемиямен күресуге жұмсап жатқан кезде террористік топтар соққы жасауы әбден мүмкін", - дейді Антониу Гутерриш.