ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Қазалы ауданындағы спорт кешенінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған акция өткізілді.
Мереке аясында аудандағы барлық медицина қызметкерлері мен белсенді жастар спорттық іс – шаралар өткізіп, толық құраммен таңғы дене шынықтыру қимылдарын жасады. Олардың қатарында ұстаздар мен спорт ардагерлері де бар.
Шараға қатысушыларға мамандардан деннің саулығы үшін физикалық белсенділік және күйзелістің адам организміне әсері туралы сұрап-білулеріне мүмкіндік берілді. Жалпы, дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған көпшілік шараға 400-ге жуық қазалылық тартылды.