Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Нұрлан Нұрпейісов: Өткеннен сабақ алу керек

Өткеннен сабақ алу керек. Жағдай қайтадан күрделенбес үшін сақтық шарасына мән беріп, вакцина салдыру қажет. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Нұрлан Нұрпейісов осылай деді.
Өңіріміз коронавирустық инфекция бойынша "Сары аймаққа" еніп, карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруды жұқтыру деңгейі өршіп барады. Ғалымдар коронавирусты жеңетін жалғыз ғана жолдың бар екенін көрсетуде. Бұл - вакцина салдыру. 
- Өткен жыл көпшілігімізге сабақ болуы керек. Мен "Сейхун" провизорлық стационарында жұмыс жасадым. Күн, түн демей отбасымыздан алыстап, ел үшін еңбек еттік. Адамдарға дем жетпей қиналғанын көру бізге оңай болған жоқ. Сондықтан да осы жағдайдың қайталанбауы үшін санитарлық ережелерді сақатап, екпе салдыру қажет. Менде өз еркіммен екпе салдырған медицина саласы қызметкерлерінің бірімін. Вакцинадан кейін өзімді жақсы сезіндім. Күнделікті бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығы айтылып жатыр. Құрметті қызылордалықтар, осы кеңеске құлақ асатын кез келді. Өздеріңіздің өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін той-томалақтардан бас тартқан дұрыс. Ауыз біршілік танытып, қауіпті кеселді жеңгеннен кейін бұрынғы алаңсыз күнімізге оралатынымызға сенемін, - деді Нұрлан Нұрпейісов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: