Облыста қызыл тілі жалаңдаған тажалдан қорғану үшін не істеліп жатыр? - барлық емханаларда ыстығы көтерілген, жөтелі бар жандарға арналған арнайы тексеріп-қарау кабинеттер жасақталған; - облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында күдікті деп танылған науқастарды емдеуге арналған 50 төсектік бокс дайындылған; - облыстық балаларға арналған санатория ғимаратында шет мемлекеттерден келген азаматтарды 14 күнге карантинге жатқызу мақсатында 100 төсек орын дайындалған; - осы уақытқа дейін 54 шет елдік азамат карантинге жатқызылып, қазір 11 азамат әлі де бақылауда; - аудандық ауруханалардың жанынан күдікті деп танылған азаматпен байланысқа шыққан азаматтарды тексеріп-бақылау үшін 400 төсек орын дайындалды.