Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Медициналық оңалту қызметтерін алу тәртібі түсіндірілді

Облыс тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында COVID-19 және коронавирустық пневмониядан кейінгі оңалту қызметтерін толық ала алады. Бұл оңалту қызметі 3 кезең арқылы жүргізіледі. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
- COVID-19 және пневмониядан кейінгі оңалтудың мақсаты - тыныс алуды жақсарту, мазасыздық пен депрессия белгілерін жою, дененің бұзылған жүйесін қалпына келтіру және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қызмет көрсетеді. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін сырқаттың ауырлығына, қосалқы патологиялардың болуына байланысты медициналық оңалтудың екінші кезеңіне немесе үшінші кезеңіне жіберілуі мүмкін. Егер науқас коронавирус жұқпасымен ауырғанда қанның оттегімен қанығуы 95% - дан төмен болса және өкпенің зақымдану көлемі 50% - дан асса екінші кезеңді қалпына келтіруге жатады. Орташа ауыр бұзылулары бар пациенттер үшінші кезеңге жіберіледі. Медициналық оңалтуға жіберу тәртібі бойынша науқастың жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе учаскелік дәрігермен кеңесу керек. Тексеру кезінде тыныс алу жүйесі мен өмір сүру қабілеті ескеріледі. Биыл медициналық оңалту қызметтерін көрсету үшін 31 медициналық ұйыммен келісім шарт жасалды, - деді Бақыт Исмаханбетов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: