«Денсаулық жолы-2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер еліміздің бірқатар өңірлеріндегі шалғай елді-мекендерге барады.
Үстіміздегі жылдың 22-31 тамыз аралығында Қызылорда облысы Арал ауданының «Қаратерең», «Аманөткел» ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға барады. Халыққа терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары қызмет көрсетеді.