Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ КОНСИЛИУМ ЖИНАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ КОНСИЛИУМ ЖИНАДЫОблыстық медициналық мекемелер өкілдерімен кездесуді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ақмарал Әлназарова және электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтер мониторингінің бөлім бастығы Индира Ақжігітова «Денсаулық сақтау басқармасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында № 3 қалалық емхананың конференц-залында брифинг өткізген болатын.
Мәжілісте медицина саласында электрондық үкімет e-gov арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер талқыланды. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 5-еуі тікелей өз басқармасымен көрсетілсе, қалғаны облыстық медициналық мекемелермен көрсетіледі. Азаматтың дәрігерге қабылдануына жазылуға, ғаламтор арқылы дәрігерді үйге шақыруға, сондай-ақ, "Бала туу" атты композиттік қызмет арқылы туу туралы куәлікпен бірге жәрдемақы тағайындалып, бала-бақшаға кезекке тұрғызуына болатындығы жөнінде айтылып өтті. Бұл мемлекеттік қызметтер тек қана пациенттің дәрігерге жүгінуін жеңілдете қоймай, сонымен қатар емханалардағы кезектердің саны айтарлықтай азайудың арқасында дәрігерлердің де жұмысын жеңілдеткен болатын. Сондай-ақ, медициналық мекемелердің өкілдері көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында өз ой-пікірлерін айтты. 
Дегенмен, облыстың статистикалық мәліметтеріне сәйкес, мемлекеттік қызметтердің деректерін пайдаланатын адамдардың саны үнемі ұлғаю үстінде, шамамен емханалардағы науқастардың 50 пайызы e-gov арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдаланған.алайда осы қызметтер жайында барлық тұрғындар біле бермейді. Сол үшін, медициналық мекемелердің басшылары да, қызметтер жөнінде халықтың танысуы үшін жағдай жасауы керек.
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» ҚБ мамандары өткізген мониторингі жөнінде мәжілісте айтылған болатын, «құпиялы тұтынушыға» мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектерге арналған арбада сырғыма баспалдақтардан көтерілу қиын болған және де анықтамалық терезешелер мүгедектерге арналған арбада отыратын адамдарға қарастырылмаған. Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова пациенттің орнында медициналық мекемеге кіру есігінен бастап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатында, облыстың басдәрігерлерін шақырған болатын. Сондай ақ, Шиелі ауданының тұрғындарына E-GOV порталы арқылы аудандық ауруханасында дәрігер көруге қабылдауына жазылу мүмкіндігі болған жоқ. Мониторингтен кейін аудандық емханасының  әкімшілігі мемлекеттік қызметтің  осы тәртіп бұзуды дұрыстаған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: