Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада коронавирус инфекциясымен 6 жағдай тіркелді

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 6 жағдай тіркелді.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 3506  дерегі есепке алынды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны - 227. 
Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 дерегі Қызылорда қаласында тіркелді. ПТР талдауларының барлығы профилактикалық мақсатта алынған.  
Жөтел, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, дененің ауырсынуы секілді ауру симптомдары 4 науқастан байқалса, 2 адамнан клиникалық белгілер анықталған жоқ.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: