Қызылордада 12 қарашада 2 адам коронавирус инфекциясына шалдықты
Өткен тәулікте Қызылорда қаласында 2 науқас коронавирус инфекциясымен тіркелді. Ал, сол күні 16 адам осы дерттен айыққан.
Бүгінде облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 2 науқас, инфекциялық стационарда – 16 науқас ем алуда.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында облыс зертханаларына 1003 адам сынама тапсырып, 800 сынама толық тексерілген. Қалған 203 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда. Эпидемиологиялық маусым басталғалы облыс тұрғындарынан 124 556 сынама алынған. Қазіргі таңда аймақтағы зертханаларда 19 мың 52 тест бар.