Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторы А.Әлназарова мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гиният 7-8 қыркүйек аралығында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары алдымен Жалағаш аудандық ауруханасы құрылысымен және аудандық емхананың күзге дайындық жұмыстарымен танысудан басталды. Аудандық аурухананың құрылыс жұмыстарымен аудан әкімі А.Ө.Шаменов таныстырса, жалпы аурухана мен емхананың күзге дайындық жұмыстарын аудандық аурухананың бас дәрігері Бурамбаева Баян Рүстембекқызы баяндады.
Іссапар одан әрі Төретам кентіндегі №80 орта мектебіне жалғасты. Онда мектептегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына қанықты.
Одан соң Төретам кентіндегі ауылдық аурухана жұмысымен танысты. Онда аурухананың күзгі толқынға дайындық жұмыстарын Байқоңыр қаласындағы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Әділхан Жандос Қойшыбайұлы баяндады.
№272 орта мектептегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары көрсетіліп, сапар Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына жалғасты. Онда аурухана жұмыстарымен танысқан соң, медицина қызметкерлерімен кездесіп, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Іссапардың 2-күнінде ҚР Парламентінің Сенаторы Ақмарал Шәріпбайқызы мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Ұлттық сараптама орталығы, облыстық көпбейінді аурухана және №3 қалалық емхананың жұмысымен танысуда.