ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ОНКҮНДІГІ ӨТІП ЖАТЫР
Облыс көлемінде 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруларының алдын алу және дер кезінде анықтау онкүндігі өткізілуде. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Онкүндік барысында жергілікті емханалар мен облыстық онкология орталығында ашық есік күндері жарияланды.
Егер өз денсаулығыңыздан күдіктенсеңіз уақытты жіберіп алмай, дер кезінде аймақтық емханаңыздан немесе онкология диспансерінен тереңдетілген медициналық-профилактикалық тексеруден өтуге болады. "Аурудың алдын алып, денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау Сізді қатерлі ісік ауруларынан сақтайтынын ұпытпаңыз" дейді сала мамандары.