Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Коронавирус: Қызылорда да алғашқы науқас жазылып шықты

Бұл пациент, Қызылорда тұрғыны. 2020 жылдың 1 наурызында Оңтүстік Кореядан келіп, 14 күндік карантиндік бақылауда болған. 
Карантин кезінде ешқандай өзгерістер болмағандықтан, үй жағдайындағы бақылауға алынады. 2020 жылдың 26 наурызында аймақтық емханаға дене қызуымен шағымданып, тексеру барысында аталған инфекция белгілерінің болуына байланысты, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастан COVID-19 вирусының зертханалық талдамасы расталып, клиникалық хаттамаға сәйкес ем жүргізілді.
Бүгін, 2020 жылдың 13 наурызында науқастан екі рет қайталама зертханалық талдамалары алынып, теріс мәнді және жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты, үй жағдайына шығарылып жатыр. Науқас алдағы кезеңде 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: