Қызылорда облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басымды бағыттарының бірі - облыстағы білім беру және тәрбиелеу объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылқты қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы - соматикалық аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу.
Бүгінгі күні Департаменттің бақылауында 313 жалпы білім беретін мектеп бар. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 8 мектепке артқан. Қалада 74, елді мекендерде 239-ы орналасқан.
2022 жылы жалпы білім беретін мектептердің 288-і ерекше тәртіп бойынша тексерумен қамтылды. Тексерулер барысында мектептерден бактериологиялық зертханаға алынған 238 тағам үлгісінен 20 сәйкессіздік, ауыз судың 309 үлгісінен 10 сәйкессіздік анықталды. Мектеп жанындағы интернат пен шағын орталықтардан 1 771 шайынды алынып, оның 7,8%-нен ішек таяқшалары тобының бактериялары табылды.
Бұдан бөлек, микроклиматқа жүргізілген 12 347 зертханалық аспаптық зерттеулердің 72-сі, жасанды жарыққа жүргізілген 10 510 өлшемнің 574-і және электромагниттік өріске жүргізілген 27 994 өлшемнің 604-і және мектеп жиһаздарына жүргізілген 1614 өлшемнің 53-і белгіленген талаптарға сай болмай шықты.
Облыста апатты ғимаратта орналасқан мектептер саны 2021 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4-тен 2-ге кеміген.Облыстағы 2 апатты ғимараттағы мектеп үшін (Арал ауданы, Арал қаласындағы №71 орта мектеп үшін (200 орындық оқу ғимараты, 100 орындық мектеп жаны интернатына) республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлініп «SCS Инжиниринг» ЖШС мердігер мекемесімен және Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі №169 орта мектеп үшін 600 орындық жаңа мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 1500,0 теңге бөлініп, «Өмірзақ» ЖШС мердігер мекемесімен ғимарат құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Арал ауданы Тоқабай аулындағы апатты ғимараттағы №248 мектеп үшін 100 орындық жаңа мектеп құрлысы жүргізілуде. Қазалы ауданы Жаңқожа батыр аулындағы №94 орта мектептің құрлысы 2023 жылы басталады деп күтілуде.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылауында 11 мектеп-интернат бар, оның 10-ы қалада, 1-еуі елді мекенде орналасқан. 2022 жылы 11 интернат ерекше тәртіп бойынша тексерумен қамтылды.
Тексерулер барысында интернаттардан бактериологиялық зертханаға алынған 30 тағам үлгісінен 1 сәйкессіздік, 14 ауыз су үлгісі мен қоршаған ортадан алынған 300 шайындыдан 2 ішек таяқшалары тобының бактерияларыанықталған. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге ас құнарлығына алынған 38 үлгінің 14-нен сәйкессіздік орын алды.
Мектеп-интернаттар бойынша зертханалық аспаптық зерттеулер жүргізу үшін микроклиматқа 626 өлшем, жиһаздарға 52 өлшем жасалған, сәйкессіздіктер тіркелген жоқ. Ал жасанды жарыққа жүргізілген 1331 өлшемнің 26-сы, электр-магниттік өріске жүргізілген 522 өлшемнің 20-сы бекітілген талаптарға сай болмай шықты. Тексерулер барысында мектеп-интернаттарда санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін 11 санитариялық ұйғарым, 14 айыппұл салынды.
Тексерулер барысында білім беру объектілерінде санитариялық қағидалар талаптарын бұзғаны үшін 315 санитариялық ұйғарым беріліп, 25580646 теңгеге 402 айыппұл көрілді, 13 материал облыстық ауданаралық экономикалық және әкімшілік сотқа жолданып, 11 шешімі шықты.