Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Серік Дүйсенбаев: «Вакцина індетті тоқтатуға көмектеседі»

Вакцина індетті тоқтатуға көмектеседі. Сондықтан үлкендер екпе ектіріп, үлгі көрсету керек. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Серік Дүйсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте осылай деді.
- Екпеге қатысты қоғамда түрлі пікірлер болғаны рас. Қазір көпшілік түсіне бастады. Індетті жеңудің жалғыз жолы вакцина екендігін. Оны әлем елдерінен байқап отырсыздар. Өзім жақында отбасыммен бірге вакцина салдырдым. Ешқандай кері әсерін байқамадым. Дене қызуы, қан қысымым болған жоқ. Енді екінші екпені 21 мамыр күні салдырам. Мамандардың айтуынша, екі компонентті алғаннан кейін адам денесінде имунитет күшейеді. Барлық жерлестерімді, ардагерлерді екпе егуге шақырамын. Бұдан ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Бала кезімізде білесіздер міндетті түрде екпе салатын. Ол кезде ешқандай әңгіме шықпайтын. Бұл да сондай вирусқа қарсы екпенің бір түрі, - деді Серік Дүйсенбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: