ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНА БАС ДӘРІГЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 24.12.2015 жылғы №630 санды бұйрығымен Құдайбергенов Жайлыбай Ақкенжеұлы Қармақшы аудандық амбулаториялық-емханалық қызметі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері болып тағайындалды.
Құдайбергенов Жайлыбай Ақкенжеұлы 1958 жылы Арал ауданы Райым ауылдық округінде дүниеге келген. 1976 жылы 10 жылдық мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Әскері қатарында азаматтық борышын өтеген.
1979 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Медицина Институтына түсіп 1985 жылы дәрігер-хирург біліктілігін алып шыққан.
Еңбек жолын 1985 жылы Тасбөгет кентіндегі №4 емханада дәрігер-хирург болып бастап, әр жылдарда хирургия, жедел-жәрдем бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары қызметін абыроймен атқарған. 2007 жылдан бастап осы кезге дейін аталған мекемеде бас дәрігер қызметінде болған.