Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордалықтар Эбола вирусынан қалай қорғанады?

Қызылордалықтар Эбола вирусынан қалай қорғанады?ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалы Эбола вирусының алдын-алу мақсатында «Әлемді шулатқан дерт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Аталмыш шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, облыстық обаға қарсы стансасы, облыстық жұқпалы аурулар  ауруханасы, ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ мамандарының қатысты.  Қызылорда облысы ТЖД және филиалдың қызметкерлеріне  Эбола вирусының таралуы, клиникалық белгілері, сақтану шаралары туралы слайд, дәріс  материалдарын пайдалана отырып,  облыстық обаға қарсы стансасы мамандары 1 типті обаға қарсы костюмін кигізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұқпалы дерттің ошағы өткен 2013 жылы  қыс айында  Батыс Африканың Гвинея мемлекетінде тіркелген еді. Соңғы мәліметтерді қорытындылай келе, қазіргі уақытта Эбола қанды безгегінен қаза болғандар саны 4076-ға жетіп, 8470 адамның оны жұқтырып алғаны белгілі болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: