Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДБИКЕЛЕР ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДБИКЕЛЕР ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛЕДІОблыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Орта буын қызметкерлерінің жұмысын жүйелендіру» тақырыбындағы облыстық семинар тренинг өтті.
Семинар тренингке ҚР ДСжӘДМ мейірбике ісі жөніндегі бас маманы Сұлтан Сейдуманов қатысып, жаңашыл медбикелер қызметін, семинарға қатысушы емдеу ұйымдарының бас дәрігерлерге, бас мейірбикелерге терең түсіндірді. 
Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу ұйымдарында барлығы - 8211 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. 
Айта кетейік, 2014-2015 оқу жылында Республика бойынша қолданбалы бакалавр мамандарын даярлаудың білім бағдарламасы оқу процесіне енгізілген 6 колледждің бірі біздің Қызылорда медицина колледжі. Қазіргі таңда 50 студент білім алуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: