Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада 207 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

21 шілде күні  Қызылорда облысы  бойынша барлығы 1 913 тұрғынға  «COVID-19» жұқпасына қарсы екпе жасалды. 
Бүгінде COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинасының І компонентімен  207 169 тұрғын қамтылған ІІ компонентімен 123 599 (79,5%) тұрғын ғана қамтылып отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.
«Өңірде егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax», «Корона Вак» вакциналарының бірін таңдай алады.
Екпенің жеткілікті қоры барлық медицина ұйымдарында жасақталған.
Айта кетсек, «қызыл» аймаққа ауысқан Қызылордада эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: