Қызылордада оронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді
Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді. Науқастанған 3 адамның барлығы Қызылорда қаласының тұрғындары.
Бұл туралы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
Бұл азаматтардан коронавирустық инфекция қауіпті топтарды скринингтік тексеру барысында анықталған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдауда.
Ауру ошақтарында мамандармен індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып, аурудың жұғу жолы мен қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
30.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 201 дерегі тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны-118, ем қабылдап жатқандар саны-83.