Қазалы қаласының тұрғындары аудан әкімінің жыл сайынғы тұрғындар алдындағы есебінде қалалық емханада УЗИ (ультра дыбысты зерттеу) аппаратының жоқтығын айтып шағымданатын.
Бұл мәселенің де түйіні шешілді. Қалалық емханада бір топ еңбек ардагерлерінің қатысуымен УЗИ кабинеті ашылды. УЗИ аппаратының дәрігері – Сәкен Өтегенов. Дәрігерлік жұмысын нарколог болып бастаған С.Өтегенов Қазалы тері-жіңішке аурулар диспансерінде 13 жыл абыройлы жұмыс атқарған.
УЗИ кабинетіне қоса, емханаға 1 миллион теңгенің заманауи озық үлгідегі стоматологиялық кресло алынып, тіс емдеу кабинеті де ашылды. Кабинетте жоғары білікті стоматолог-дәрігер Сембиева Базаркүл жұмыс жасайды.