Сәрсенкүл Бихожаева: Екпе салдыртқанымыз дұрыс деп ойлаймын
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейтін заманның талабында тұрмыз. Ғылым мен ақпараттың дамыған заманыңда біз әртүрлі қауесеттерге, алыпқашпа әңгімелерге сенбеуіміз керек. Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожаева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте осылай деді.
- Израиль - медицинасы дамыған мемлекет. Екпе салдырудан да алдыңғы қатарда. Дамыған елдің көпшілігі вакцинаны салдыру арқылы туризмді дамытуда. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейтін нағыз заманның талабында тұрмыз. Өз отбасымызбен қатар елдің болашағын ойлаймыз қажет. Сондықтан екпені салдыртқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Өзім алғашқылардың қатарында қаңтар айында екпе алдым. Ешқандай кері әсерін сезбедім. Қазір үрейге бой алдыртатын кезеңнен өттік. Мамандар жақсы кеңестер беріп жатыр. Ғылым мен ақпараттың дамыған заманыңда біз әртүрлі қауесеттерге, алып қашпа әңгімелерге сенбеуіміз керек. Кәсіби мамандарды тыңдайық, - деді Сәрсенкүл Бихожаева.