Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада дәрігерлер ғылыммен айналысатын орталық ашылмақ

 

Еліміздегі іргелі оқу орны С.Асфендияров атындағы медициналық Университтеттің негізі қаланғанына 85 жыл толып отыр. Біздің мықты жерлестеріміз, Камал Ормантаев, Мұхтар Әлиев, Ернияз Омаров, Шәдібай Нұрғазиев, Болат Бимендіұлы Баймаханов, Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназаровалар осы оқу орнының түлектері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, атаулы мереке қарсаңында ректор Айқын Ақанов бастаған оқытушылар құрамы облысымызға келіп, өңірдің 120 дәрігерін түрлі тақырыпта қайта оқытып, білімдерін көтеріп жатыр. Әсіресе, жаңа туылған сәбилер арасындағы ақаулар, неврологиялық өзгерістерді емдеу, инсульттен кейінгі емдер, анестезиология тәсілдері, яғни соңғы ғылыми жаңалықтарды игерту тәсілдері жүзеге асырылмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: