Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық «Ана мен бала» орталығына барып, жөндеу жұмыстарының барысын көрді.
Қуанышбек Досмайылұлы бұған дейінгі қаладағы нысандарды аралау барысында орталықтың жөндеу жұмысы баяу жүріп жатқанын көріп, бірқатар тапсырмалар берген болатын.
Қазір перинаталдық орталықтың жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталмыш нысандағы жұмыстар жаңа жылға дейін бітіп, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аймақ басшысы ана мен бала денсаулығы басты назарда екенін еске салып, жауапты басшылар мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде бітіруді тапсырды.