2015 жылдың 1 қазанынан бастап Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығы» ШЖҚ МКК қарамағында Кызылорда облысы бойынша Біріккен медициналық Call-орталығы қызмет атқаруда.
Call-орталығын ұйымдастыру мақсатында, жергілікті бюджеттен 12 124 мың.теңге бөлінді. Call-орталығына облыстың 45 медициналық мекемесі қатыстырылған, бұл медицина мекемелерінің 100 % құрайды.
Жұмыс күндері сағат 8.00- ден 18.00-ге, сенбі күндері 8.00 -14.00 дейін 8(7242) 40-00-01 Сіздің назарыңыздағы сұрақтарға мамандандырылған операторлар жауап береді. Сізге облыстың барлық емдеу ұйымдары жайлы ақпарат алып, сұраныс жасауға немесе арыз беруіңізге болады.
Call-орталығының негізгі мақсаты – медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша тұрғындар сұраныстарын қабылдап, тіркеп, тиісті мекемеге жеткізу,көрсетілген қызмет нәтижелері және есептік ақпараттың алынуын қадағалау. Call-орталығы құрамында сарапшы-дәрігер, психолог, орта медициналық білімі бар операторлар қызмет атқарады.