Коронавирус: Қызылордада дәрі-дәрмек пен қорғаныш заттары қоры жеткілікті
2020 жылдың 20 ақпанынан бері облыс бойынша 151 адам бақылауға алынып, оның 47-сі карантиннен өткізілді.
Ал 10 азаматты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызып, сынам тесттің қортындысының теріс болуына байланысты ауруханадан шығарылды. Қазір 1 серб елінің азаматы ауруханада бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Коронавирустан сақтану, алдын алу шараларын күшейту мақсатында облыстағы 2 мыңнан аса дәрігерлер, 9 мыңнан аса орта буын қызметкерлері тәжірибелік машықтарын жетілдірді. Дәрі-дәрмектер мен қорғаныш заттары қоры жеткілікті. Көп ретті қолданылатын жеке бас қорғаныш бетперделері 10 мыңға дейінгі данамен дәріханаларға жеткізіліп жатыр, - деді облыстың бас дәрігері Жақсылық Әбілқасымұлы.