Нутрициолог Кристина Журавлева сүт туралы негізгі мифті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, дүкендегі сүт кальцийдің жетіспеушілігін өтей алмайды.
"Сүт пастерленген кезде кальций органикалық түрден бейорганикалық түрге айналады. Ағза органикалық форманы қалыпты қабылдайды, оны сіңіреді, ал бейорганикалықты — сіңірмейді", - деді нутрициолог .
Дәл осындай тәжірибе басқа сүт өнімдеріне, соның ішінде сүзбе өнімдеріне де қатысты.
Журавлева ақжелкенде көп мөлшерде кальций бар екенін атап өтті. Күнжіт мен мактың құрамында да кальций көп.